Орталық аудандық кітапханада ең белсенді әрі кітапқа адал оқырмандарға арналған «Оқырман бенефисі – 2025» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл басқосу кітапты өмірінің ажырамас бөлігі санайтын жандарды біріктірген нағыз оқу мерекесіне айналды. Іс-шара барысында оқырман жылының қорытындылары шығарылып, кітап оқуға деген сүйіспеншілік, кітапханаға тұрақты келу және әртүрлі жанрдағы әдебиеттерге қызығушылық атап өтілді. 2025 жылдың үздік оқырмандары атанды:
В. И.Пистунова, Л. А.Локшина, К. М.Шадрина, А. П.Тарабарин, О. К.Едресов, Л. П.Белицкая
Бенефис қатысушылары сыйлықтар мен грамоталарға, лайықты құттықтаулар мен алғыс сөздерге ие болып, жағымды әсер алды. «Оқырман бенефисі – 2025» іс-шарасы жылы атмосферада өтіп, қызықты ойын бағдарламасымен толықтырылды. Қонақтар үшін интеллектуалдық және әдеби ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің білімін, тапқырлығын және кітапқа деген сүйіспеншілігін қуана көрсетті.
Бенефистің ерекше бөлігі әр оқырманға берілген жеке мінездеме болды. Үздік оқырмандарға арналған жылы лебіздер олардың оқырмандық қызығушылықтарын, белсенділігін, кітапханаға деген адалдығын және кең дүниетанымын айқындады. Әрбір қатысушы кітапхана оқырмандар қауымдастығына үлес қосып жүрген жарқын да ерекше тұлға ретінде атап өтілді. Ойын сәттері баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ал әр оқырманға көрсетілген ықылас пен жылы сөздер мерекені шын мәнінде әсерлі әрі есте қаларлық етті.
В Центральной районной библиотеке состоялось праздничное мероприятие «Бенефис читателя – 2025», посвящённое самым активным и преданным друзьям книги. Это событие стало настоящим праздником чтения, объединившим людей, для которых книга является важной частью жизни. В ходе мероприятия были подведены итоги читательского года, отмечена любовь к чтению, постоянство в посещении библиотеки и интерес к литературе разных жанров.
Лучшими читателями 2025 года стали:
Пистунова В. И., Локшина Л. А., Шадрина К. М., Тарабарин А. П., Едресов О. К., Белицкая Л. П. Участники бенефиса получили подарки и грамоты, заслуженные поздравления, благодарственные слова и заряд положительных эмоций. Мероприятие «Бенефис читателя – 2025» прошло в тёплой и дружеской атмосфере и сопровождалось увлекательной игровой программой. Для гостей были проведены интеллектуальные и литературные игры, в которых участники с удовольствием проявили эрудицию, смекалку и любовь к книге. Особой частью бенефиса стала индивидуальная характеристика каждого читателя. В адрес лучших читателей прозвучали добрые слова, подчёркивающие их читательские интересы, активность, преданность библиотеке и широкий кругозор. Каждого участника отметили как яркую и уникальную личность, вносящую вклад в читательское сообщество библиотеки. Игровые моменты подарили всем присутствующим хорошее настроение, а тёплые характеристики и внимание к каждому читателю сделали праздник по-настоящему душевным и запоминающимся.
Количество просмотров: 27











