Орталық аудандық кітапхана
Қазіргі заманғы кітапхана білім беру қызметіне және халықтың бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесетін мәдениет мекемесі бола отырып, ақпарат орталығы болуы керек.
Орталық аудандық кітапхана мәдениет үйі ғимаратының екінші қабатында орналасқан, алып жатқан ауданы 285,02 ш. м.
- Оқырмандар саны — 3800
- Келушілер саны — 39336
- Кітап беру — 69400 дана
- Кітап қоры — 53254 дана, оның ішінде қазақ тілінде — 15068 дана, 399 дана мерзімді басылымдар, газеттер — 7 дана, журналдар — 96 дана.
Кітапхана құрылымы: қызмет көрсету бөлімі, оқу залы, әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі, әдістемелік-библиографиялық бөлім.
Кітапхана «Соғыс жадын сақтау» жобасы, «Бұл сенің және менің жерің» библиографиялық жобасы бойынша жұмыс істейді.
Кітапхана жанынан коворкинг — орталық, «Парасат жолы» орталығы, «Алтын күз», «Ақ жаулық» клубтары, «Руханият» әдеби қонақ бөлмесі, «Книголюб» оқу орталығы жұмыс істейді.
Кітапханада көптеген қызықты нәрселер үнемі болып тұрады, оқырмандармен жұмыс жасау идеялары мен формалары жүзеге асырылады және жетілдіріледі.
Кітапхананың ақпараттық ортасы — бұл құқықтық ақпарат орталығы — кез — келген құқықтық ақпаратқа еркін қол жеткізуді ұйымдастыру, құқықтық білімді насихаттау, заңгерлік кеңес беру.
Орталық кітапхана қоғамдағы өзгерістерге жауап бере отырып, бүкіл аудан үшін маңызды әлеуметтік және ақпараттық–ресурстық орталықтың миссиясын орындай отырып, мобильді түрде өзгере алатын біртұтас организм ретінде қалыптасты.
Қалалық кітапханасы
Қалалық кітапхана санитарлық — эпидемиологиялық бақылау басқармасы ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, алып жатқан ауданы 30,8 ш.м құрайды.
- Оқырмандар саны — 1000
- Келушілер саны — 11100
- Кітап беру — 19300 дана
- Кітап қоры — 12340 дана, оның ішінде қазақ тілінде — 4506 дана, 157дана мерзімді басылымдар, газеттер — 7 дана, журналдар — 64 дана.
Кітапхана «Кітап және жастар» бағдарламасы, «Қазақ халқының салт — дәстүрлері» библиографиялық жобасы бойынша жұмыс істейді. Бағдарламаның негізгі міндеті: жас ұрпақты әдебиет оқуға тарту.
Кітапханада «Сударушка» клубы жұмыс істейді, оның мүшелері кітап пен оқуға немқұрайлы қарамайтын қарт оқырмандар болып табылады.
Кітапхана бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы кітапхананың оң имиджі тұрғысынан белсенді жұмыс істейді. Facebook, Instagram, Одноклассники парақшаларында және аудандық «Вести» газетінде өткізілген іс-шаралар туралы мақалалар жариялайды.
Мақаланы құрған күні 16.04.2019 18:25
Мақаланы жаңартқан күні 26.06.2025 11:02
Просмотров: 4926