"Жұлдызды Жұмекен"

4 маусымда Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Е. Расқұлова «Кәсіптік даярлық және сервис колледжі» КММ студенттерімен жазушы, ақын, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған "Жұлдызды Жұмекен" әдеби сағатын өткізді.
Жұмекен Нәжімеденов "Менің Қазақстаным", "Ақ шағыл", "Кішкентай", "Даңқ пен дақпырт" және т.б. шығармаларын жазды. Оның кітаптары көптеген тілдерде аударылып, жарық көрді. Ол Вознесенский, Евтушенко, Хикмет және басқа ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Әдеби сағат барысында студенттер жазушы өмірінің қызықты фактілерімен және оның "Жұлдызды Жұмекен"кітап көрмесінде ұсынылған кітаптарымен танысты.

04.06.2025
Қаралым саны: 44
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент