2026 жылғы 29 мамырда Орталық аудандық кітапхана аудандық мәдениет үйімен бірлесіп «Қайғы мен ауырсыну ғасырда қалады» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – тарихи жадыны сақтау, өткеннің қасіретті беттеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және жазықсыз қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым ету.
Іс-шараға арнайы қонақтар шақырылып, сөз сөйледі: аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Ш.Сағандықов, аудандық «Аманат» партиясы филиалының жауапты хатшысы Қ.Т.Сматов, аудандық архив басшысы Т.А.Әбілмажинов Шараға сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.М.Егорычева, «Ақ жаулық» және «Алтын күз» клубтарының мүшелері, кәсіптік даярлау және сервис колледжінің студенттері, аудан тұрғындары қатысты. Еске алу шарасы барысында ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың мемориалдық бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы М.К. Марий «Ақталған есімдер» атты кітап көрмесін таныстырды. Көрмеде қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың тағдыры мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге арналған кітаптар, архивтік материалдар мен басылымдар ұсынылды.
Іс-шара құрмет, тағзым және рухани бірлік атмосферасында өтіп, қатысушыларға бейбітшілік пен келісімді, тарихи шындықты сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
Қаралым саны: 5











