Адал болашақ үшін

Орталық кітапхана жүйесінің кітапханашысы М. Туякова Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған «Адал болашақ үшін» тақырыбында ақпараттық әңгіме өткізді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдыққа, әділдікке және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың не екендігі, оның қандай түрлері бар екендігі, бұл құбылыстың қоғамға неліктен зиян келтіретіні және ел үшін қандай салдарға әкелуі мүмкін екендігі туралы сұрақтар қойылды.

Оқушылар қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз ойларымен бөлісті, әр адамның адал, әділ әрі жауапты болуының маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Іс-шара оқушыларға сыбайлас жемқорлықпен күрес әрқайсымыздан, адал іс-әрекеттен, заңды сақтаудан және айналамыздағы адамдарға құрметпен қараудан басталатынын түсінуге көмектесті.

Өйткені адал болашақ сенімге, әділдікке және жауапкершілікке негізделеді!

 

19.11.2026
Қаралым саны: 10
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент