22 шілде күні кітапханашы А. Расқұлова «Мерейтойға бастар жол» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына арналған «Солтүстіктің інжу-маржаны» атты ақпараттық сағатты Мағжан Жұмабаев ауданының Мансап орталығының қызметкерлеріне өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың Солтүстік Қазақстан облысының тарихы, мәдени мұрасы және әдеби байлығы туралы білімдерін кеңейту, өлкетану әдебиетін насихаттау, туған өлкенің тарихи өткені мен рухани құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Тарихи сағат барысында Солтүстік Қазақстан облысының қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы кеңінен айтылып, өңірдің табиғи, мәдени және тарихи мұрасы жөнінде мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалардың еңбектері таныстырылды.

Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Туған өлкенің шежіресі: Солтүстік Қазақстан облысының тарихы мен жазушылары» атты кітап көрмесіне ерекше назар аударылды. Көрмеде өлкетану басылымдары, тарихи әдебиеттер, Солтүстік Қазақстан облысының ақын — жазушыларының шығармалары, сондай-ақ өңірдің бай мәдени және әдеби мұрасын танытатын материалдар ұсынылды.

Қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында кітап көрмесінің таныстырылымы толықтырылған шынайылық технологиясының көмегімен өткізілді. Арнайы цифрлық технологиялар арқылы кітаптар «жанданып», интерактивті мазмұн көрсетілді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстанның белгілі жазушылары Иван Шухов пен Михаил Авериннің портреттері де заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен «жандандырылып», көрермен назарына ұсынылды.

Өткізілген іс-шара қатысушылардың туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, өлкетану әдебиетін оқуға ынталандырды. Сондай-ақ азаматтық жауапкершілік, патриоттық рух және Солтүстік Қазақстанның тарихи әрі рухани мұрасына деген құрмет сезімін нығайтуға ықпал етті.