«Құқықтық навигатор: нотариуспен кездесу»

IT орталығында Орталық аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен құқықтық ақпарат банкі аясында «Құқықтық навигатор: нотариуспен кездесу» атты ақпараттық-құқықтық кездесу өтті. Іс-шараның қонағы нотариус Шаришова Салтанат Төлегенқызы болды.
⚖️ Кездесу барысында Салтанат Төлегенқызы нотариат қызметінің негізгі бағыттары туралы әңгімелеп, кейін қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ол сенімхаттарды, өсиеттерді, мұрагерлік құқықтарды және өзге де нотариаттық құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ азаматтардың нотариусқа жиі жүгінетін өзекті мәселелеріне ерекше тоқталды.
💬 Кездесу қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарға білікті жауаптар алып, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты пайдалы кеңестерге ие болды.
✅ Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және нотариат саласындағы білімдерін кеңейтуге ықпал етті. 

10.07.2026
Қаралым саны: 3
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент