Өмір – кинолентадай

Орталық кітапхананың кітапханашысы М. Тұяқова «Өмір – кинолентадай» атты бейнеролик дайындады. Іс-шара қазақтың көрнекті режиссері әрі сценарисі — Сатыбалды Нарымбетов туғанына 80 жыл толуына арналды .

Бейнероликте өнер иесінің өмір жолының негізгі кезеңдері, отандық кино өнерінің дамуына қосқан үлесі және оның ең маңызды фильмдері қамтылды. Көрермендер режиссердің өмірбаянына қатысты қызықты деректермен танысып, шығармашылығында ерекше орын алған тарихи жады, рухани құндылықтар және туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптары туралы мәлімет алды.

Бейнематериал Сатыбалды Нарымбетовтың тұлғасы мен бай шығармашылық мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік беретін тағылымды жұмыс болды.

 

04.03.2026
Қаралым саны: 42
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент