26 ақпан күні Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы М.Тұяқова қазақтың көрнекті ақыны, халық ақыны — Жамбыл Жабаев туғанына 180 жыл толуына орай жасанды интеллектің көмегімен «Ұлы ақын және жырау» атты виртуалды экскурсия дайындады. Бұл виртуалды экскурсияда ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысуға, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы білуге, сондай-ақ поэзиясының келер ұрпақ үшін маңызын түсінуге болады . Ерекше назар ақынның патриоттық шығармаларына, даналыққа толы өсиеттерін және ұлттық дәстүрлерді сақтаудағы рөліне аударылды.
Виртуалды экскурсия поэзия, руханият және халық даналығы әлеміне жасалған тағылымды саяхатқа айналып, Жамбыл тұлғасының ұлылығын және қазақ сөзінің байлығын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Қаралым саны: 12











