Сіздердің ерліктеріңіз жүректерді тебірентеді

2026 жылы панфиловшы батырлардың ерлігіне 85 жыл толады. 1941 жылдың қараша айында олар Мәскеуді неміс-фашист басқыншыларынан қорғау кезінде теңдессіз ерлік, табандылық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті.

Осы айтулы датаға орай Орталық кітапхана жүйесінің кітапханашылары жасанды интеллект көмегімен «Сіздердің ерліктеріңіз жүректерді тебірентеді» атты бейнеролик дайындады. Заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен соғыс жылдарының көрінісі жаңғыртылып, аты аңызға айналған Панфилов дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі мен батылдығы еске алынды.

Бейнероликте жауынгерлердің ерлігі, әскери борышына адалдығы, Отанға деген сүйіспеншілігі және туған жерін қорғау жолында жанын құрбан етуге дайын болғандығы баяндалады. Панфиловшылардың ерлігі табандылықтың, бірліктің және рух күшінің символына айналды.

Естелік сағаты Ұлы Отан соғысы батырлары туралы тарихи жадыны сақтауға, жас ұрпаққа Отан қорғаушылардың ерлігіне деген құрметті жеткізуге және ерлік, батылдық пен жанқиярлықтың ешқашан ұмытылмайтынын еске салуға бағытталған.

Олардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады, ал ерліктері батылдық пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісі болып қала береді.

 

17.11.2026
Қаралым саны: 10
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент