«Даланың дара тұлғасы»

27 шілде күні Орталық кітапхананың жазғы оқу залында кітапханашы Е. Киличбаев «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздарына қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшысы әрі ел бірлігін нығайтқан Абылай ханның туғанына 315 жыл толуына арналған «Даланың дара тұлғасы» атты тұлғатану сағатын өткізді.
⚜️Іс-шара барысында қатысушылар Абылай ханның өмірі мен мемлекеттік қызметімен танысып, оның Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мәлімет алды.
📖 Жастардың ерекше қызығушылығын «Ұлы тұлға – Абылай хан» атты кітап көрмесі тудырды. Көрмеде тарихи басылымдар, энциклопедиялар, өмірбаяндық әдебиеттер және ұлы ханның өмірі мен дәуіріне арналған кітаптар ұсынылды.
🤖 Заманауи технологиялар көрмені ерекше тартымды етті: жасанды интеллект пен иллюстрацияларды «жандандыру» технологиясының көмегімен кітаптар көз алдына жан біткендей әсер қалдырып, қатысушыларға тарихи оқиғалар мен Абылай ханның тұлғасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
🎥 Кездесудің жалғасы ретінде Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналған тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
🇰🇿 Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, Қазақстанның тарихи мұрасына құрметпен қарауға және ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. 

27.07.2026
Қаралым саны: 10
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент