29 қазанда қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Т. Кинчинбаев «Кәсіби даярлық және сервис колледжі» КММ-нің студенттерімен «Бостандық сатылмайды» атты ақпараттық-профилактикалық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің адам саудасы мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, адам саудасына тартылудың алдын алу және жастарға жеке қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Іс-шара барысында жастардың назарын адам саудасы мәселесіне аударуға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға бағытталған «Адам саудасы» атты әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
29.10.2026
Қаралым саны: 4
Қаралым саны: 4










