«Отбасы және кітап одағы»

«Оқуды қолдайтын кітапхана» бағдарламасы аясында Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «Отбасы және кітап одағы» атты отбасылық оқу сағатын отбасыларға үйде қызмет көрсету форматында өткізді.
🎯 Іс-шараның мақсаты – отбасылық оқу мәдениетін қалыптастыру, отбасының рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, кітапқа және бірлесіп кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғырту, сондай-ақ кітапхана мен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту.
🏡 Іс-шара барысында кітапханашылар отбасыларға барып, қатысушыларды бірлесіп оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттермен таныстырды, балалардың тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды нығайтудағы отбасылық оқудың маңызы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🏅 Іс-шара соңында әрбір отбасына «Отбасы және кітап одағы» отбасылық оқу сағатына қатысқаны үшін сертификат табысталды.
Өткізілген іс-шара бірлескен кітап оқудың ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, балалар мен ересектердің рухани дамуына ықпал етуге және отбасылық дәстүрлерді сақтауға оң әсер ететінін тағы бір мәрте айқындады. 

16.07.2026
Қаралым саны: 64
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент