27 қараша күні Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Раскулова А. кітапханада қарт адамдарға арналған «Алаяқтардан сақ болыңыз» атты шок — сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты — олардың заманауи алдау тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру болды. Кездесу барысында қатысушыларға ең көп тараған алаяқтық түрлері: «қиындыққа тап болған туыс» деген желеумен жасалатын телефон қоңыраулары, өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын жалған мамандар, жалған ұтыстар мен интернет — алаяқтар туралы ақпарат берілді.
Кітапханашы нақты мысалдар келтіріп, алаяқты қалай ажыратуға болатынын түсіндірді. Қатысушыларға жеке деректерді қорғау және қаражатты сақтап қалу бойынша практикалық кеңестер берілді. Сабақ қарт адамдардың тәуекелдерді жақсырақ түсініп, қауіпті жағдайларды анықтауды үйренуіне көмектесті. Шара соңында арнайы дайындалған буклеттер таратылды.
Қаралым саны: 24











