Қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау мақсатында Орталық кітапхананың кітапханашылары «Достық» саябағында әйгілі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасының 170 жылдығына арналған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу поэмасының шежіресі» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының ең танымал лиро-эпостық жырларының бірі — Қозы Көрпеш – Баян сұлу шығармасының шығу тарихымен, кейіпкерлерімен, сюжеттік желісімен және ұлттық мәдениеттегі маңызымен танысты. Кітапханашылар поэмада көрініс тапқан мәңгілік құндылықтар – махаббат, адалдық, беріктік пен адамгершілік туралы әңгімеледі.
Іс-шара саябақ қонақтарының қызығушылығын тудырып, оқырмандарды қазақ әдебиетінің бай мұрасымен жақынырақ таныстыруға ықпал етті.
08.06.2026
Қаралым саны: 9
Қаралым саны: 9











