
«Оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы М. Туякова Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты және Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен таныстыру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында кітапханашы қатысушыларды марафонның өткізілу шарттары мен ережелері, қатысу кезеңдері, тіркелу тәртібі және қатысушыларға қойылатын талаптармен таныстырды.

Кітап оқудың адамның кәсіби және тұлғалық дамуына ықпалына, кітап оқуды насихаттауға және оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар марафонның мақсаттары мен міндеттері туралы толық ақпарат алып, республикалық бастамаға белсенді қатысуға шақырылды.

Бірге кітап оқимыз – бірге дамимыз!