«Оқитын ұлт» республикалық марафоны

📚 «Оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы М. Туякова Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты және Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен таныстыру кездесуін өткізді.
📖 Кездесу барысында кітапханашы қатысушыларды марафонның өткізілу шарттары мен ережелері, қатысу кезеңдері, тіркелу тәртібі және қатысушыларға қойылатын талаптармен таныстырды.
✨ Кітап оқудың адамның кәсіби және тұлғалық дамуына ықпалына, кітап оқуды насихаттауға және оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
🤝 Қатысушылар марафонның мақсаттары мен міндеттері туралы толық ақпарат алып, республикалық бастамаға белсенді қатысуға шақырылды.
📖 Бірге кітап оқимыз – бірге дамимыз!

07.10.2026
Қаралым саны: 2
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент