2026 жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыры аралығында «СҚО М. Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де кітапхана қызметкерлері арасында «Ерекше мағынадағы оқу» атты аудандық кәсіби байқау өтті.
Байқаудың басты мақсаты – кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, заманауи әдебиетті насихаттау және шығармашылық жұмыс түрлері арқылы кітап оқуды дамыту болды.
Байқауға қатысушылар екі тапсырма орындады:
- заманауи автор мен оның шығармасына арналған библиографиялық плакат әзірледі;
- кітап немесе автор таныстырылымын өткізіп, іс-шараның бейнеролигін ұсынды.
Байқауға 21 кітапханашы қатысты. Конкурстық жұмыстар қазіргі қазақстандық авторлар: Данияр Сургалинов, Мария Омар, Бақытжан Қанапьянов, Эльдар Воронцов, Абай Құлбаев, Тұрсынбай Жандаулет, Заря Жұманова, Есболат Айдабосын, Ильмаз Нұрғалиев, Сендбай Аяған, Карина Сәрсенова, Орис Яшкурова және басқа да авторлардың шығармашылығына арналды.
Кітапханашылар шығармашылық ізденісін, кәсіби шеберлігін, заманауи әдебиетке деген қызығушылығын және кітапты оқырманға тартымды түрде таныстыра білу қабілетін көрсетті.
Қаралым саны: 5











