«Қазақстанның қалыптасу жолы: тарихтан – болашаққа»

🇰🇿 22 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы М. Туякова концерт қонақтарына «Қазақстанның қалыптасу жолы: тарихтан – болашаққа» атты 12 картинадан тұратын тарихи көрмені ұсынды.
📚 Көрмеде Қазақ хандығының құрылуынан бастап, Алаш қайраткерлері мен қазақтың көрнекті тұлғаларының өмірі мен еңбегі, еліміздің тәуелсіздікке жету жолы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапары, жаңа астананың қалыптасуы және қазіргі Қазақстанның даму кезеңдері қамтылды.
Тарихи картиналар арқылы қонақтар еліміздің қалыптасу тарихына шолу жасап, халқымыздың өткені мен бүгінгі жетістіктері туралы мағлұмат алды.
Көрменің басты мақсаты – ұлттық тарихты дәріптеу, елдік пен бірліктің маңызын көрсету және туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

22.10.2026
Қаралым саны: 1
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент