6 ақпанда Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте Құралай ауылынан шыққан жерлесіміз, жазушы Мұратбек Оспановтың «Сана» кітабының тұсаукесері өтті.
Кездесуді қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, «Достық» II дәрежелі және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, көптеген медальдардың иегері, М. Қозыбаев атындағы СҚУ-нің құрметті профессоры Жарасбай Сүлейменов ұйымдастырды. Ол сондай-ақ іс-шараның басты спикері ретінде сөз сөйлеп, кітаптың мазмұндық бағытына тоқталды.
Қатысушыларға әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкім орынбасары Азамат Шәріпов құттықтау сөз арнап, отандық әдебиетті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында қатысушылар көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті. Бұл сәт кездесуге ерекше символдық мән берді.
Қонақтардың назарын ағымдағы жылдың маңызды күндеріне, сондай-ақ ауданымыздың мақтанышы — Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Е. Я. Киличбаев таныстырып, ұсынылған басылымдар мен олардың мазмұндық маңызы туралы кеңінен мәлімет берді.
Тұсаукесер жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, қазақстандық әдебиетті насихаттауға және оқуға деген қызығушылықты арттыруға елеулі үлес қосты.
06.02.2026
Қаралым саны: 37
Қаралым саны: 37











