«Нанға бас иейік»

🍞 Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары А. Раскулова мен М. Туякова молшылықтың, береке-бірліктің және қонақжайлылықтың басты символдарының бірі — Нан күніне орай «Нанға бас иейік» атты халықтық дәстүрлер кешін өткізді.
👥 Іс-шараның қонақтары қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Л. М. Егорычева, сондай-ақ «Ақ жаулық» және «Алтын күз» клубтарының мүшелері болды.
🌾 Кездесу барысында қатысушылар нанның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп, нанды қадірлеуге және диқаншылардың еңбегін құрметтеуге байланысты халықтық әдет — ғұрыптар мен дәстүрлерді еске алды.
🎯 Іс-шара бағдарламасы қызықты ойындар мен байқауларға толы болды. Қатысушылар «Бауырсақты бер», «Нан туралы сұрақтар» викторинасына және «Әженің алтын қолдары» байқауына қатысты.
🥐 Қонақтар ребустарды қызығушылықпен шешіп, сұрақтарға жауап берді, сүйікті рецептілерін еске түсіріп, үй тағамдарын дайындаудың құпияларымен бөлісті.
👩‍🍳 Әсіресе ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылық аспаздық дәстүрлер туралы әңгіме кездесуге ерекше жылылық сыйлады.
📚 Келушілер назарына нанға, диқаншылардың еңбегіне, қонақжайлылық дәстүрлеріне және дастарқанымыздың басты асына құрметпен қарауға арналған «Берекелі дастарқан, қасиетті нан» атты кітап көрмесі ұсынылды.
❤️ Іс-шара жылы әрі шынайы көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жағымды әсер сыйлады және өзара пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге тамаша мүмкіндік берді.

20.10.2026
Қаралым саны: 6
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент