«Жан дүниені тебіренткен жазушы»

📚 Орталық кітапхананың кітапханашысы А. Расқұлова Булаево қаласының тұрғындары арасында орыстың ұлы жазушысы Ф.М. Достоевскийдің туғанына 205 жыл толуына орай «Жан дүниені тебіренткен жазушы» тақырыбында ашық микрофон өткізді.
🎤 Іс-шара барысында қатысушылар жазушы туралы өз білімдерімен бөлісіп, оның әйгілі дәйексөздерін оқып, талқылады. Сондай-ақ шығармаларының мәні, адамгершілік құндылықтар, жақсылық, мейірімділік пен адамгершілік таңдау туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
✨ Ашық микрофон Ф.М. Достоевскийдің әдеби мұрасымен жақынырақ танысуға, пікір алмасуға және ұлы жазушының шығармалары әлі күнге дейін оқырман жүрегін толғандырып, өмірдің мәңгілік сұрақтары туралы ой салатынына тағы бір көз жеткізуге мүмкіндік берді.
📖 Әдебиет – адам жанын терең түсінуге жетелейтін рухани қазына! 

11.11.2026
Қаралым саны: 5
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент