«Өмір даналығы — жанның жастығы»

💐 7 қазан күні Орталық кітапхананың кітапханашылары А. Раскулова және М. Туякова «Ақ жаулық» және «Алтын күз» клубтарының мүшелеріне арналған «Өмір даналығы — жанның жастығы» атты көңіл көтеру кешін өткізді.
🌸 Кездесу жылы әрі көтеріңкі көңіл — күйде өтті. Қатысушылар жақсы демалып, өзара әңгімелесіп, тапқырлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, шапшаңдықтары мен әзіл-қалжыңдарын көрсетті.
🎯 Қонақтарға қызықты әрі көңілді ойындар ұйымдастырылды:
🧩 «Ребус» — қатысушылар қызықты тапсырмаларды шешті.
💃 «Қимылды қайтала да, досыңа көрсет» — зейін мен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойын.
🎶 «Орныңда қимылда. Бәріміз билейміз!» — қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.
📝 «Сөзді есте сақта да, жаз» — есте сақтау мен зейінділікті сынайтын ойын.
😊 Кеш барысында қатысушылардың белсенділігі, көтеріңкі көңіл — күйі мен әр ойынға қызығушылықпен қатысқаны ерекше қуаныш сыйлады.
🎁 Кездесу соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
✨Осындай кездесулер жасқа қарамастан, қуанышқа, жақсы қарым-қатынасқа және жаңа әсерлерге әрдайым орын бар екенін көрсетеді.
💖 Өмір даналығы жылдармен келеді, ал жанның жастығы мейірімділік, достық, қозғалыс пен көтеріңкі көңіл-күй арқылы сақталады! 

07.10.2026
Қаралым саны: 2
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент