4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
Орталық аудандық кітапхана еліміздің мемлекеттік рәміздеріне арналған «Менің Әнұраным, менің Туым, менің Қазақстаным» атты бейнеролик дайындады. Бейнероликте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы, олардың маңызы мен патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудағы рөлі туралы баяндалады.
Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің, халық бірлігі мен ұлттық мақтанышының айқын белгісі.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы!
Туымыз әрдайым биікте желбіресін!
Әнұранымыз асқақтай берсін!
Еліміздің айбыны арта берсін!
04.06.2026
Қаралым саны: 13
Қаралым саны: 13











