Халықаралық студенттер слеті

Мағжан Жұмабаев ауданында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Мағжан Жұмабаевқа, сондай-ақ «Ұлы көштің» 35 жылдығына арналған халықаралық студенттер слёті өтті. Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және әртүрлі елдердің жастары арасындағы достықты нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болды.

Слёт аясында библиограф Марий М.К. және Мағжан Жұмабаев ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Раскулова А.Е. «Ұлттың поэзия падишасы» және «Туған Солтүстіктің тарих беттері» атты кітап көрмелеріне шолу жүргізді.

Көрмелер Ресей Федерациясынан келген студенттерге, сондай-ақ Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде білім алып жатқан шетелдік студенттерге арналып ұйымдастырылды. Кездесуге Моңғолия, Қазақстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасының азаматтары қатысты.

 

23.05.2026
Қаралым саны: 12
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент