«Жазда кітап оқимыз, жалығуды білмейміз»

11 тамыз күні Орталық кітапхананың кітапханашылары халықпен жұмыс аясында ашық аспан астында «Жазда кітап оқимыз, жалығуды білмейміз» атты көрме — көрсетілім ұйымдастырды.
🎁 Өтіп бара жатқан тұрғындар үшін «Өзіңе керегін ал» атты интерактивті стенд жасақталды. Онда «Кітап кеңесі», «Кітаптан шабыт», «Күннің дәйексөзі» бөлімдері ұсынылды. Қатысушылар өздеріне ұнағанын таңдап, сыйлық және тәтті дәмнен алды.
☀️ Сонымен қатар «Жаз, кітап және көтеріңкі көңіл күй» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмедегі кітаптардың жасанды интеллект көмегімен «жандандырылуы» ерекше қызығушылық тудырды. Осылайша таныс кітап кейіпкерлері заманауи әрі ерекше форматта ұсынылды.
Көрме-көрсетілім тұрғындармен қарым — қатынас орнатып, кітапхана қорымен таныстыруға, кітап оқуға қызығушылықты арттыруға және қатысушыларға жақсы көңіл күй, жағымды әсер мен жаңа кітап оқуға деген ынта сыйлауға мүмкіндік берді. 

11.08.2026
Қаралым саны: 4
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент