2026 жылғы 11 қыркүйекте Орталық аудандық кітапхана С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Kitap time-2026» республикалық фестиваліне қатысты.
Фестиваль аясында ұлы қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Жырмен жаралған ғасыр» әдеби сөресі таныстырылды. Кітапханашы М.Н. Туякова келушілерді ақынның өмірімен, әдеби мұрасымен, шығармаларымен және оның поэзиясының ғажайып әлемімен таныстырды.
Қонақтар үшін әдеби викторина ұйымдастырылып, Мағжан Жұмабаевқа арналған картиналарды интерактивті түрде «жандандыру» ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар қойылған сұрақтарға белсенділікпен жауап беріп, естелік сыйлықтарға ие болды.
Шараның ерекше сәті Надежка ауылдық кітапханасының оқырманы Диана Илюбаеваның Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін әсерлі түрде оқуы болды.
Фестиваль ұйымдастырушыларына осындай үлкен кітап мерекесінің бір бөлігі болуға мүмкіндік бергендері үшін алғысымызды білдіреміз!
Қаралым саны: 5











