М. Жұмабаев ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері балаларды қолдауға және ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін жандарға көңіл бөлуге бағытталған «Жақындарға сүйіспеншілікпен» акциясына қатысты.
Акция аясында балаларға рюкзактар және оқу үшін қажетті кеңсе тауарлары сыйға тартылды.
Бұл сыйлықтар балаларға жағымды қолдау болып, жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл — күймен бастауға көмектессін! 

24.08.2026
Қаралым саны: 117
Қаралым саны: 117










