18 қараша күні Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы А. Расқұлова «Кәсіби даярлау және сервис колледжі» КММ-нің студенттерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тарихи және шетелдік тәжірибесі» атты танымдық ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты — студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыру .
Мақсаты — әртүрлі тарихи кезеңдер мен әлем елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес мысалдарымен таныстырып, осы әдістердің қалай өзгергенін және олардың бүгінгі күндегі маңызын көрсету.
Кездесудің басында кітапханашы тарихи шолу жасады: Ежелгі Қытай, Византия, Рим империясындағы антикоррупциялық заңдар, сондай-ақ көне құқық жүйелеріндегі жауапкершілік шаралары қарастырылды. Мемлекеттік құрылымдардың халықты қорғау және шенеуніктердің адалдығын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттеріне ерекше назар аударылды .
Ақпараттық бөлімнен кейін «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі таныстырылды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге арналған әдебиеттер мен ақпараттық материалдар ұсынылды 
.
Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге, адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті.
Қаралым саны: 17











