«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихи және халықаралық тәжірибесі»

18 қараша күні Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы А. Расқұлова «Кәсіби даярлау және сервис колледжі» КММ-нің студенттерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тарихи және шетелдік тәжірибесі» атты танымдық ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты — студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыру .

Мақсаты — әртүрлі тарихи кезеңдер мен әлем елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес мысалдарымен таныстырып, осы әдістердің қалай өзгергенін және олардың бүгінгі күндегі маңызын көрсету.

Кездесудің басында кітапханашы тарихи шолу жасады: Ежелгі Қытай, Византия, Рим империясындағы антикоррупциялық заңдар, сондай-ақ көне құқық жүйелеріндегі жауапкершілік шаралары қарастырылды. Мемлекеттік құрылымдардың халықты қорғау және шенеуніктердің адалдығын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттеріне ерекше назар аударылды .

Ақпараттық бөлімнен кейін «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі таныстырылды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге арналған әдебиеттер мен ақпараттық материалдар ұсынылды 🚫📘.

Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге, адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті.

20.11.2025
Қаралым саны: 16
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент