«Ауданымызға арналған ақ тілек»

Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің ұжымы Булаев қаласы мен ауылдық округтердегі сайлау учаскелерінде кітап көрмелерін ұйымдастырды.
Кітап көрмелері еліміздің екі маңызды құндылығына арналды:
📖 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне;
📖 Қазақстан Республикасының Конституциясына.
Көрмеге келушілер мемлекетіміздің қалыптасу тарихы, егемендікке жету жолы туралы әдебиеттермен, сондай-ақ Ата Заңның мәтіні мен оған берілген түсіндірмелермен таныса алады.
Көрменің ерекше назар аударарлық бөлігі — «Ауданымызға арналған ақ тілек» атты шығармашылық кітап-макет. Әрбір қалаған адам оның беттеріне туған ауданымыздың болашағына арналған өз тілегін, ізгі сөздері мен ұсыныс-идеяларын қалдыра алады.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

23.08.2026
Қаралым саны: 2
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент