Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

13 ақпанда орталық аудандық кітапханада алдағы референдумға арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Кездесуге «Аманат» партиясының аудандық филиалының жетекшісі Қ.Т. Сматов және Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының депутаты Е.Ж. Бәкіров қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, барлық өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме алу мүмкіндігіне ие болды. Өткізілген іс-шара тыңдаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және референдумға қатысуға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.

 

13.02.2026
Қаралым саны: 25
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент