17 қараша күні Орталық кітапхана жүйесінің кітапханашысы А. Расқұлова «Ақ жаулық» және «Алтын күз» клубтарының мүшелеріне М. М. Авериннің туғанына 115 жыл толуына орай «Өлке шежіресіндегі есім» атты жасанды интеллект көмегімен ұйымдастырылған өлкетану сағатын өткізді.
Іс-шараның басында қонақтар Михаил Михайлович Авериннің өмірі мен қызметі, туған өлкенің тарихы мен дамуына қосқан үлесі туралы мәлімет алды.
Кездесуде жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнеролик ерекше қызығушылық тудырды. Бейнеролик арқылы көрнекті жерлесіміздің өмір жолы мен өмірбаянының маңызды кезеңдері көрнекі түрде таныстырылды.
Кездесу «Біз өз өлкемізді білеміз бе?» атты өлкетану викторинасымен жалғасты. Қатысушылар туған өлкенің тарихы, танымал тұлғалары мен маңызды оқиғалары туралы сұрақтарға жауап берді.
Жылы жүзді әңгіме барысында қонақтар өз естеліктерімен, білімдерімен бөлісіп, тарихи мұраны сақтау жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара соңында М. М. Аверинге арналған «Естелік беттері» ұйымдастырылды.
Кездесу өлке тарихында өзіндік із қалдырған тұлғаны еске алуға және көрнекті жерлестеріміздің есімін ұрпақ жадында сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетуге мүмкіндік берді.
Қаралым саны: 14










