2025 жылғы 31 қазанда Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы А. Е. Расқұлова Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің М. Жұмабаев ауданы пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен «Тәтті өмірдің ащы шындығы» атты медиа — сұхбат өткізді. Іс-шараның мақсаты — зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Кітапханашының мазмұнды әңгімесін тыңдап, қатысушылар зиянды әдеттердің адам өміріне әсері туралы "Есірткенің зияны туралы" бейнебаянын көрді. Олар белсенді түрде сұрақтарға жауап беріп, ұсынылған әдебиеттермен танысты.
Кездесу барысында қатысушылар денсаулықты сақтау жолдары, зиянды әдеттердің алдын алу, және нашақорлық пен никотиннің адам ағзасына тигізетін зияны туралы маңызды ақпарат алды.
Кітапханашы А.Е. Расқұлова қатысушыларды өмірдің нағыз құндылығы — денсаулық пен ерік — жігер екенін ұғынуға шақырды.
31.10.2025
Қаралым саны: 27
Қаралым саны: 27











