10 ақпанда кәсіби бағдар беру жұмысы аясында кітапханашы А. Расқұлова «Булаев кешенді мектеп — балабақшасының» КММ оқушыларына арналған «Ізденіс пен жетістіктер көкжиегі» атты сабақты өткізді. Іс-шара Кәсіби даярлау және сервис колледжінде алуға болатын мамандықтармен оқушыларды таныстыруға арналды. Сабақ барысында оқушылар сұранысқа ие әрі болашағы зор мамандықтар, оқыту бағыттары, оқуға түсу шарттары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мәлімет алды. Жұмысшы мамандықтарының практикалық маңызына, олардың қазіргі қоғамдағы рөліне және кәсіби өсу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Мамандықтармен көрнекі түрде таныстыру мақсатында колледждегі оқу үдерісі, материалдық-техникалық база және мамандарды даярлау ерекшеліктері туралы бейнероликтер көрсетілді. Кітапханашы қатысушыларды аспаз, кондитер және колледжде оқытылатын басқа да мамандықтармен таныстырып, оқыту ерекшеліктері мен табысты кәсіби қызмет үшін қажетті дағдылар туралы айтып өтті.
Профориентациялық сабақ оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және кәсіби білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Қаралым саны: 31











