Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы

24 желтоқсанда Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы бойынша, сондай-ақ алдағы Жаңа жылмен қызметкерлерді құттықтап, мықты денсаулық, молшылық, тұрақтылық және еңбекте табыс тіледі. Олардың адал еңбегі мен ортақ іске қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Алғысқа толы жылы лебіздер Орталық аудандық кітапхананың техникалық қызметкері Салтанат Туреноваға, Булаево қаласын абаттандыруға белсенді қатысып жүрген «Нейминг» ЖШС механизаторы Мендыбай Түлешовқа, сондай-ақ автогрейдер операторы Асылбек Хайыржановқа арналды. Олардың кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен еңбекқорлығы жұмысшы мамандықтарына және еңбек адамдарына деген құрметтің жарқын үлгісі ретінде атап өтілді.

 

24.12.2025
Қаралым саны: 32
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент