«Ғарыш аңыздары» атты танымдық бейнеролик Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері — Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығы мен Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналады.
Бейнеролик жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы дайындалған. ИИ көмегімен ғарышкерлердің өмір жолын, олардың ғарышқа ұшуға дайындық кезеңдерін, кәсіби қызметін және жетістіктерін көрнекі әрі заманауи форматта бейнелеуге мүмкіндік берілді.
Жоба барысында тарихи деректерді көркем түрде жеткізу үшін жасанды интеллект негізіндегі визуалды бейнелеу құралдары пайдаланылып, материалдың танымдық және тәрбиелік мәні арттырылды.
Бұл бейнеролик жас ұрпаққа отандық ғарыш саласының дамуын таныстырып, еліміздің батыр ғарышкерлеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған.
10.04.2026
Қаралым саны: 11
Қаралым саны: 11











