Экскурсия

5 маусымда Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «№2 Булаев орта мектебі» КММ – нің жазғы сауықтыру алаңының балаларымен экскурсия өткізді. Балаларға «Мерейгер жазушылар», «Бір ел - бір кітап», «Бір шаңырақ астында» көрмелері көрсетілді. Қызығушылық танытқан балалар қызмет көрсету бөлімінің залын аралап шықты. Экскурсия оқу залында жалғасты, онда олар биылғы маңызды күндердің көрмелерін тамашалады. Инновациялық бағдарламаның көмегімен Абай картиналарының жандануы көрсетілді. Соңында мұсылмандардың жақындап келе жатқан Құрбан Айт мерекесі туралы айтылды.

 

05.06.2025
Қаралым саны: 81
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент