«Еңбек адамы»

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде жыл сайын еңбек күні атап өтіледі, осыған байланысты орталық кітапхананың кітапханашылары "Еңбек адамы"атты танымдық әңгіме өткізді.

Наубайшының жұмысы-бұл шыдамдылықты, дәлдікті және өз ісіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін жұмыс. Наубайшының жұмысы таңертең ерте басталады, сондықтан дүкен сөрелерінде балғын самса болады. Марат Жұмабаев -ауданымыздың наубайшысы. Оның сүйікті ісі самса пісіру. 2021 жылдан бастап ол өзінің сүйікті ісімен айналыса бастады. Күн сайын ол Булаев қаласындағы дүкендерге ыстық самсамен қамтамасыз етіп, тұрғындарды өзінің өнімімен қуантады. Марат Жұмабаев өз ісін жеке үйінен бастады, содан кейін мемлекеттің қолдауының арқасында қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, жалғастыру үшін жеке ғимаратты жалға алды. Самса таңертең ыстық, балғын болу үшін ол өз жұмысын түннен бастайды. Қазір оның самсасына сұраныс күн сайын артып келеді. Ол өз ісін жақсы көріп, алдына қойған мақсатын, бар күш-жігері мен тәжірибесін сүйікті ісіне арнаған адам.

https://www.facebook.com/magan.crb/posts/pfbid0qSdnCrcxdzHv49zXieEnrbgwUxUpkfQXZmDdCdPjB2oxVVFNVzwVXEg8God4qBQJl

26.09.2025
Қаралым саны: 49
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент