«Білім нұры — Сіздің қолыңызда» атты семинар — құттықтау

2025 жылдың 30 қазанында «СҚО М.Жұмабаев ауданының Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ-де кітапханашы күніне арналған «Білім нұры — Сіздің қолыңызда» атты семинар — құттықтау өтті.

Іс-шараға М.Жұмабаев аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А. С. Шәріпов, «Аманат» партиясы аудандық филиалының хатшысы К. Т. Сматов, М. Жұмабаев ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м. а. Б. Р. Қасымов, сондай-ақ аудан кітапханашылары қатысты.

Ресми бөлімді аудан әкімінің орынбасары А.С. Шәріпов ашты. Өз сөзінде ол кітапханашылардың білім берушілер, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтардың сақтаушылары екенін атап өтіп, қоғам өміріндегі кітапханалардың маңызды рөлін атап өтті. Азамат Сайранұлы кітапхана қызметкерлеріне күнделікті еңбегі, шыдамдылығы, бастамашылдығы және ағарту ісіне берілгендігі үшін алғысын білдірді.

Іс-шара аясында ауданның үздік кітапханашыларын марапаттау рәсімі өтті. Жоғары марапаттарға ие болды:

  • «Қазақстанның Құрмет кітапханашысы» төсбелгісі — Қарақоға ауылдық кітапханасының кітапханашысы Шершнева И.А, Гаврино ауылдық кітапханасының кітапханашысы Чикунова Н. А.
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы-О. Д. Жигаева ОКЖ әдіскері.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Құрмет грамотасы (Алматы қ.) — Возвышенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жұматаева А. М.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Алғыс хаты (Алматы қ.) – Советское ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ивочкина Т. М.
  • М. Жұмабаев аудан әкімі Құрмет грамотасы — Надежка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Илюбаева Г. С,. Пулеметовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гуляева О. М.
  • М. Жұмабаев аудан әкімі алғыс хаты — аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Глейзнис И. В,. Полтавка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Черных О. В,. Возвышенка балалар кітапханасының кітапханашысы Орынбасарова А. С.
  • Республикалық мәдениет қызметкерлері кәсіподағының алғыс хаты — Чистовское ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жақсимбетова С.Т.

   Әр марапат үлкен үлестің, күнделікті еңбектің, кәсібиліктің және кітапхана ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің дәлелі болды. Бұл кітапхана жұмысының және кітап пен оқырманға қызмет етуге арнаған адамдардың маңыздылығын мойындау.

30.10.2025
Қаралым саны: 32
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент