«Кітапханашының аттестациясы: теория және практика»

2025 жылғы 15 қыркүйекте Орталық аудандық кітапхананың оқу залында кітапхана қызметкерлерін кезекті аттестацияға дайындауға арналған «Кітапханашының аттестациясы: теория және практика» атты шеберлік сағаты өтті.

Іс-шара барысында нормативтік-құқықтық база, портфолио дайындау тәртібі, біліктілікті арттыру мен үздіксіз білім берудің рөлі және басқа да мәселелер қарастырылды.

Әдіскер Жиғаева О.Д. аттестациядан өту ережелеріне жан-жақты тоқталып, портфолио құрастыру тәртібін, құжаттың құрылымы мен мазмұнына енгізілуі тиіс бөлімдерді түсіндірді.

Библиограф Марий М.К. аттестацияға дайындыққа ұсынылатын әдебиеттерге назар аударды. Ол кітапханатану саласында білімді кеңейтуге көмектесетін кәсіби журналдар мен әдістемелік құралдардан мысалдар келтірді.

Пайдалы ақпаратпен кітап қорын толықтыру бөлім меңгерушісінің м.а. Абильмажинова Ж.К. бөлісті. Ол әрбір кітапханашы өз кітапханасының қорын жетік білуі, жаңа түскен әдебиеттерден хабардар болуы және қор құрылымын жақсы меңгеруі қажет екенін атап өтті.

Кітапханашылар қажетті құжаттарды толтыру бойынша кеңестер алып, алдыңғы аттестациялардан өту тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара іскерлік әрі конструктивті жағдайда өтті, кітапханашылар алынған ақпараттың пайдалы екенін атап өтіп, жаңа білім олардың алдағы аттестацияға сапалы дайындалуына көмектесетініне сенім білдірді.

 

16.09.2025
Қаралым саны: 113
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент