Кітапхана қызметкерлерін аттестаттау

2025 жылғы 12 қарашада «Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ-де кітапхана қызметкерлерінің кезекті аттестациясы өткізілді.

Комиссия құрамына «Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысының міндетін атқарушы Қасымов Б.Р., Мағжан Жұмабаев аудандық тарихи — өлкетану музейінің директоры Жұмағұлов С.Т., ОКЖ директоры Бекишева С.О., библиограф Марий М.К., жинақтау бөлімінің меңгерушісінің м.а. Әбілмәжинова Ж.К. болды. Аттестацияның мақсаты – кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін, біліктілік деңгейін, атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін анықтау және әрі қарай кәсіби дамуының болашағын айқындау болды.

Аттестация іскерлік және объективті өтті. Әр қызметкер есептік кезеңдегі жұмысының нәтижелерін көрсететін материалдарын ұсынды: шығармашылық бағдарламалар, іс-шара сценарийлері, фотосуреттер, жұмыс жоспарлары мен мәдени — көпшілік іс-шаралар бойынша есептер.

Аттестациялық комиссия мүшелері қызметкерлердің кәсіби жетістіктеріне, халықтың мәдени өмірін дамытуға қосқан үлесіне, жауапкершілік деңгейі мен шығармашылық бастамашылдығына жан — жақты баға берді.

Аттестация қорытындысы бойынша қызметкерлердің басым бөлігі өз лауазымдарына сәйкестігін растады.

Комиссияның жекелеген ұсыныстары біліктілікті арттыруға, халықпен өзара іс-қимылдың түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталды.

12.11.2025
Қаралым саны: 19
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент