Ата заң – ел тірегі

9 қыркүйек күні кітапханашы Туякова М. «Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ оқушыларымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған «Ата заң – ел тірегі» атты патриоттық сағат өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның негізгі ережелерімен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңның маңызы және азаматтық жауапкершілік туралы әңгімелесті.

📚 Алған білімдерін бекіту мақсатында интеллектуалдық викторина ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін, эрудициясы мен тапқырлығын көрсетті.

🎁 Іс-шара соңында оқушыларға «Ата заң – ел тірегі» атты естелік күнтізбелер таратылды.

🇰🇿 Конституция — құқықтық мемлекеттің, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығының негізі!

 

09.09.2026
Қаралым саны: 5
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент