9 қыркүйек күні кітапханашы Туякова М. «Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ оқушыларымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған «Ата заң – ел тірегі» атты патриоттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның негізгі ережелерімен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңның маңызы және азаматтық жауапкершілік туралы әңгімелесті.
Алған білімдерін бекіту мақсатында интеллектуалдық викторина ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін, эрудициясы мен тапқырлығын көрсетті.
Іс-шара соңында оқушыларға «Ата заң – ел тірегі» атты естелік күнтізбелер таратылды.
Конституция — құқықтық мемлекеттің, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығының негізі!
09.09.2026
Қаралым саны: 2
Қаралым саны: 2











