Астана-тәуелсіз Қазақстанның жүрегі

3 шілде күні Орталық аудандық кітапхананың қызметкерлері Астана күніне орай «Астана – тәуелсіз Қазақстанның жүрегі» атты тарихи-танымдық экскурсияны «Достық» саябағында аудан тұрғындары үшін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру және Қазақстанның елордасының тарихы, қалыптасуы мен дамуы туралы әдебиеттермен таныстыру.

Іс-шара аясында Астана қаласының тарихына, сәулет өнеріне, мәдени мұрасына, жетістіктеріне, сондай-ақ елдің саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі маңызына арналған кітаптар көрмесі ұсынылды. Келушілер тарихи басылымдармен, көркем безендірілген альбомдармен, өлкетану әдебиеттерімен және елордаға арналған қазақстандық авторлардың шығармаларымен танысты.

Кітапханашылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұсынылған басылымдарды таныстырды, Астана қаласының тарихы мен көрікті жерлері туралы қызықты мәліметтермен бөлісті, келушілердің сұрақтарына жауап беріп, қосымша оқуға ұсынылатын әдебиеттерді ұсынды.

Іс-шараға әртүрлі жастағы аудан тұрғындары қызығушылық танытып, елорда туралы білімдерін толықтырды.

Шара қатысушылардың Отанға деген

сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал еткен тағылымды мәдени-ағартушылық кездесу болды.

 

 

06.07.2026
Қаралым саны: 1
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент