2025 жылғы 14 қарашада Орталық аудандық кітапхана кітапханашылары «Булаев мектеп — балабақша кешені» КММ-нің 8-сынып оқушыларымен «Теңге – тарих айнасы» атты іскерлік ойын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық валютаның пайда болу тарихымен таныстыру, теңгенің ел экономикасындағы және әрбір адамның өміріндегі рөлі мен маңызын түсіндіру, Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы күнінің тарихи маңызын атап өту, қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Оқушылар екі командаға бөлінді: «Валюта» және «Теңге».
Бірінші тапсырма – «Сана да сатып ал».
Келесі тапсырма – «Өз купюраңды жаса», онда қатысушылар болашақтағы теңгені өз қиялымен бейнеледі.
Үшінші тапсырма – «Жартысын тап», ал соңғы кезеңде банкоматтағы карточкалардағы сұрақтарға жауап берілді.
Оқушылар белсенділік танытып, ойын соңында дипломдармен марапатталды.
Қаралым саны: 32











