«Замана шам — шырағы» кітаптары табысталды
2024 жылы біздің кітапханаға жомарт сыйлық — “Солтүстік Қазақстан”газетінің аға тілшісі Самрат Құскенов ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановтың «Замана шам-шырағы» атты кітаптарын табыстады. Бұл туындыда алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың және лирик ақын, сан қырлы талант Ерік Асқаровтың шығармалары, «Ленин туы» газетінің 1984-2014 жылдары шыққан материалдардың жинағы басылған. Сыйға тартылған кітаптар кітапхана қорынан лайықты орын алып, барлығына қолжетімді болады. Қорға берілген бұл құнды үлес оқырмандардың ой-өрісін кеңейтуге және жаңа аудиторияға қол жеткізуге көмектеседі.
«Арманымның ақ құсы» еске алу кеші
Биыл ақын, драматург, аудармашы Ерік Асқаровтың туғанына 65 жыл толар еді.
2024 жылы 7 ақпанда аудандық орталық кітапханасында осы күнге арналған «Арманымның ақ құсы» атты еске алу кеші өтті. Шараға «Еліне еркелеген Ерік» атты фотокітап, кітап көрмесі — инсталляциясы, буклеттер дайындалды.
Кездесуге ақынның туыстары, Мағжан Жұмабаев ауданындағы мекеме өкілдері, ұстаздар мен мектеп оқушылары шақырылды. Кітапханашылар М.Н. Тұяқова, Е.Я. Киличбаев іс-шараны құттықтау сөзбен бастап, Ерік Асқаров туралы бейнероликті тамашалауды ұсынды.
Бірінші сөз Мағжан Жұмабаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Ш. Сағандықовқа берілді.
Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі директорының м.а. С.О.Бекішева жиналған қонақтардың назарына «Еліне еркелеген Ерік» атты фото — кітабін ұсынып, осы фото-кітап қалай шығарылғанын, мәліметтер Мағжан Жұмабаев ауданының мұрағаты мен ақынның отбасынан алынғаны тұралы айттып, Ерік Асқаровтың әпкесі Ж.Х. Қалиева мен немере ағасы Т.А. Мұсатаевқа фото— кітапті сыйға тартты.
Әпкесі Ж.Х. Қалиева, ағасының жұбайы М.Х.Акбарова, немере ағасы Т.А. Мұсатаев інілері туралы естеліктерімен бөлісті.
Осы жиында сөз алғандар Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі М.Х. Бекішев, Дүйсеке ауылының тумасы С.С.Оралов, Мағжан Жұмабаев ауданының мұрағат директоры Н.С. Кукла, аудандық «Мағжан жұлдызы» газетінің шеф — редакторы Е.А. Елубаев, Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Ш. Ысқақова, Дүйсеке ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.С. Аңдамасова.
Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің оқушылары Снежанна Рамазанова, Самира Жұмабек, Мереке Талғат, Жанеля Мұқанова, Ринат Өтемұрат Ерік Асқаровтың өлеңдерін оқыды.
Аудандық орталық кітапханада «Еліне еркелеген Ерік» атты кітап көрме – инсталляция дайындалды, кітапханашы М.Н. Тұяқова шолу жасады. Кездесуді еске алу мақсатында барлық қатысушыларға ақын туралы буклеттер таратылды. Шара соңында қонақтар естелік суретке түсті.
Мақаланы құрған күні 25.02.2019 17:17
Мақаланы жаңартқан күні 02.07.2025 11:49
Просмотров: 4908