28 қараша күні Орталық аудандық кітапхана кітапханашылары «Кәсіби даярлау және сервис колледжі» КММ-нің студенттері арасында «Соғыс туралы не білесің?» атты тарих білгірлері сайысын өткізді. Іс-шараның басында кітапханашы А. Расқұлова Ұлы Отан соғысының негізгі кезеңдері, батырлары, айтулы күндер және Жеңістің кейінгі ұрпақ үшін маңызы туралы қысқаша мәлімет берді.
Кіріспе бөлімнен кейін қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, тарихи тапсырмаларды орындап, соғыс оқиғалары жөніндегі білімдерін көрсетті. Студенттер талқылауға белсене қатысып, тарихқа қызығушылықтары мен құрметтерін танытты.
Сондай-ақ «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда жауынгерлердің ерліктері, майдан тағдырлары және соғыстың маңызды кезеңдері туралы басылымдар ұсынылды. Көрме қатысушылардың білімін кеңейтіп, Ұлы Жеңістің маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Қаралым саны: 19











