Құқық – адамдардың тату — тәтті өмір сүруі үшін қажет, ол әрдайым біздің әділ мүдделерімізді қорғайды. Кез келген өмірлік жағдайда адам өзін абыройлы, әділетті ұстап, заңды құрметтеуі тиіс. Бәрімізден, ең болмағанда, негізгі заңдарды білу талап етіледі.
21 қазанда Магжан Жұмабаев ауданының Орталық аудандық кітапханасының оқу залында КМҚК «Кәсіби дайындық және сервис колледжі» студенттеріне арналған «Жастар және заң: құқықтық санаға қадам» атты тақырыптық сағат өткізілді. Бұл шараның мақсаты – студенттердің құқық туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының заңдарын білудің маңыздылығын арттыру.
Адам бала кезінен бастап өзінің құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігімен бетпе-бет келеді. Өсе келе жасөспірімдер кей жағдайда қалай әрекет ету керектігін, құқықтарын қалай қорғау қажеттігін білмей жатады. Не істеу керек? Кімнен кеңес сұрауға болады? Қайда барып көмек алуға болады?
Осы және басқа да сұрақтарға аудандық прокуратура прокуроры Ережепова А.С., аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция майоры Күлмұқаметова А.Н., аудан әкімдігінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Бакиров Н.Е. жауап берді. Олар жасөспірімдердің негізгі азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік, қылмыс пен жаза, қылмыстық және азаматтық құқық мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Қонақтардың сөзінен кейін колледж студенттері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, заңдарды не үшін сақтау қажет екенін түсінді.
«Құқық пен заң әлеміне саяхат» атты кітап көрмесінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Конституция Республики Казахстан. Ғылыми-практикалық түсіндірме» атты кітаптар мен «Заң-заман», «Заң», «Парасат» журналдары қойылды.
Қаралым саны: 62











