Дүниежүзілік көшпенділер ойындары-2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді – бұл көшпенділердің даналығы мен дәстүрін, мәдениеті мен өнерін әлем жұртшылығына паш ететін халықаралық деңгейдегі айтулы фестиваль. Осыған орай 6 қыркүйек күні Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары Е.Я. Киличбаев және А.Е. Расқұлова жазғы оқу залында «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары-2024» ақпарат сағатын өткізді. Ойындардың тарихы, мақсаты, міндеттері және көшпенділер өміріндегі маңызы туралы әңгімеледі. Кітапханашы Е.Я. Киличбаев «Спорт –бұл өмір» атты кітап көрмесін ұсынды.

06.09.2024
Қаралым саны: 319
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент